Зат есім дегеніміз не
Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Адамзат және ғаламзат есімдері
Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.
Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.
Зат есім түрлері
Жалпылай немесе жекелей аталуы | Мағыналық ерекшелігі |
---|---|
1. Жалпы есім - біркелкі заттардың жалпы атауы. Мысалы: тау, кітап, көше, кә сіпорын, мекеме, ұйым, шығарма, жануар, көл, жолдас, өсімдік, жұлдыз, мақала, журнал, күй, балалар, мектеп, көл, өзен, т. б. | 3. Деректі зат есім - қолға ұсталатын, көзге көрінетін нақтылы зат атауы. Мысалы: нан, қайшы, желім, жапырақ, киім, тас, тақта, бор, сүт, домбыра, т. б. |
2. Жалқы есім - біркелкі заттардың өз ішіндегі жеке атауы. Мысалы: Тарбағатай, «Аққан жұлдыз», Әуезов кешесі, Ертіс өзені, «Атамұра» баспасы, Құлагер, Құтжол, «Адай», Қүаныш, Анар, Тілек, Риза, «Көкіл» мектебі, Абай атындағы опера және балет театры, т. б. | 4. Дерексіз зат есім - ой, түйсік арқылы танылатын ұгым, кұбылыс атауы. Мысалы: ақыл, қуаныш, сағыныш, жаксылық, мейірім, сана, ізгілік, т. б. |
Жалқы және жалпы есімдер
Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.
Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.
Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.
Мысалы:
- кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)
- үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)
- өндіріс, мекеме, ұйым аттары (“Еңбек”, “Қайрат”, “Түрксіб” т. б.)
- газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары (“Егемен Қазақстан”, “Өркен”, “Менің атым Қожа”, “Қан мен тер” т. б.)
- географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)
- қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.)
- тағы басқа жалқы атаулар жатады.
Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі – ат ретінде ғана жұмсалады.
Бірақ зат есімнің жалқы немесе жалпы есім екенін түсіну қиынға соғатын кездер болады. Мысалы, егер бір және басқа нұсқа болса және олар бірдей естіледі. Бұл жағдайда контекстке назар аударып, сөздің мағынасын түсіну керек. Ал егер біз заттың белгілі бір атауы туралы айтатын болсақ, онда бұл жалқы есім. Бұл бас әріппен немесе кіші әріппен жазылу керектігін анықтаудың жалғыз жолы.
Зат есімнің жасалу тәсілдері
Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.
Лексикалық: байырғы зат есімдер, сондай‐ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тартылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады
Синтаксистік: кемінде екі я онан астам түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жатады.
Морфологиялық: зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады.
Зат есім тудыратын жұрнақтар
Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар: | Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар: |
---|---|
-шы, -ші: етік+ші, балық+шы, аң+шы т.б. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, - тік: жақсы+лық, дос+тық, шын+дық т.б. -ша, -ше: бөлім+ше, кітап+ша, маңдай+ша т.б. -шық, -шік: ойын+шық, үй+шік т.б. | -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл+ме, тоқы+ма, кес+пе т.б. -ым, -ім, -м: бөл+ім, біл+ім, тоқта+м т.б. -қы, -кі, -ғы, -гі: шап+қы, бұр+ғы, сүз+гі, ашыт+қы т.б. -ыс, -іс, -с: жең+іс, айт+ыс, тала+с т.б. -ық, -ік, -қ, -к: қаз+ық, көр+ік, сұра+қ, тіле+к т.б. -ыш, -іш, -ш: қуан+ыш, өкін+іш, қызған+ыш т.б. -уыш, -уіш: тырна+уыш, еле+уіш және т.б. |
Зат есімнің жіктелуі
Жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.
Жекеше | Көпше |
---|---|
1. Мен оқушы-мын, мұғалім-мін | Біз оқушы(лар)-мыз, мұғалім(дер)-біз |
2. Сен оқушы-сың, мұғалім-сің Сіз оқушы-сыз, мұғалім-сіз | Сендер оқушы(лар)-сыңдар, мұғалім(дер)-сіңдер Сіздер оқушы(лар)-сыздар, мұғалім(дер)-сіздер |
3. Ол оқушы, мұғалім | Олар оқушы(лар), мұғалім(дер) |
Зат есімнің тәуелденуі
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді.
Жақ-жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар:
Соңғы дыбыс | ||||
---|---|---|---|---|
Жақ | Дауысты | Дауыссыз | ||
Жуан буын | Жіңішке буын | Жуан буын | Жіңішке буын | |
1. I жақ | -м | -м | -ым | -ім |
2. II жақ | -ң | -ң | -ың | -ің |
3. II жақ | -ңыз | -ңіз | -ыңыз | -іңіз |
3. III жақ | -сы | -сі | -ы | -і |
Бұл қосымшалар жалғанған сөздер, әдетте, өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктермен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтарына сәйкес келіп отырады. Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.
Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады.
Оңаша тәуелдеудің үлгісі мынадай:
Жекеше | Көпше | |
---|---|---|
менің | ата-м, қалам-ым | ата-лар-ым, қалам-дар-ым |
сенің | ата-ң, қалам-ың | ата-лар-ың, қалам-дар-ың |
Зат есімнің септелуі
Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.
Септік аты | Сұрақтары | Жалғаулары | Мысалдары | |
---|---|---|---|---|
Атау септік | кім? не? | кітап | оқушы | |
Ілік септік | кімнің? ненің? | -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің | кітаптың | оқушының |
Барыс септік | кімге? неге? (қайда?) | -ға/-ге, -қа/-ке, на/-не ( III жақ тәуелдік жалғаудан соң) -а/- е (I жақ тәуелдік жалғаудан соң) | кітапқа кітабына кітабыма | оқушыға оқушысына оқушыма |
Табыс септік | кімді? нені? | -ды/-ді, -ты/-ті, -ны/-ні -ын/-ін/- н ( III жақ тәуелдік жалғаудан соң) | кітапты кітабын | оқушыны оқушысын |
Жатыс септік | кімде? неде? (Қайда?) | да/-де, -та/-те -нда/-нде ( III жақ тәуелдік жалғаудан соң) | кітапта кітабында | оқушыда оқушысында |
Шығыс септік | кімнен? неден? (қайдан?) | -нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен | кітаптан | оқушыдан |
Көмектес септік | кіммен? немен? (қалай?) | -мен, -бен, -пен (жуан түрі болмайды) | кітаппен | оқушымен |
Зат есімнің сөйлемде атқаратын қызметі
Зат есім-сөз таптарының ішіндегі ең молы және басқа сөздердің негізгі ұйытқысы. Зат есім басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, сөйлемде сөйлем мүшесінің барлығының қызметін атқарады. Дегенмен зат есім заттық ұғымды білдіргендіктен, оның сөйлемдегі ең басты, негізгі қызметі бастауыш пен толықтауыш болады. Зат есімдер қандай сөзбен тіркесуіне және сөйлемде қай орында тұруына байланысты анықтауыш та, пысықтауыш та, баяндауыш та бола береді.